Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде 24 қазан, 2024 жылы 5б, 5в, 5д, 5е сыныптарында «Салт-дәстүрлер отбасы әл-ауқатының негізі» тақырыбы бойынша ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жиналысы өтті.
Мақсаты: отбасылық дәстүрлер баланың мінез-құлқының қалыптасуына, отбасылық байланыстарды нығайтуға және отбасында жағымды атмосфераны құруға қалай әсер ететінін көрсету.
Жиналыста ата-аналармен бірге отбасылық дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі өзектілігі туралы сұрақтар талқыланды.