» Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында 17 қыркүйекте Астана қаласының Талғат Бигелдинов атындағы 1 мектеп -лицейінің 9 сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Президенттік орталығына экскурсияға барды.
Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы мұражай, мұрағат және кітапхананы қамтыған көп функционалды тарихи-мемориалдық, мәдени- ағарту кешен болып табылады.
Жалпы мұражай 9 залдан тұрады.
Мұражайда барлық экспонаттар мен бейнематериал еліміздің тарихы жөнінде көптеген қызықты мәліметтермен таныстырады, тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы жетістіктерге назар аударады.
Оқушылар Президенттік орталықтың екінші қабатында » Уақыт өлшемдері» тақырыпта экспозицияны тамашалады.
Еліміздің болашағы — бүгінгі жастар ұлттық құндылықтар негізіңде тәрбие алса, жауапкершілігі мол, белсенді,білімді,ұлтжанды азамат болатынына сенімдіміз!