«Буллинг дегеніміз не» тақырыбындағы тренинг 7 «Б» және 7 «Г» сыныптарында өткізілді. Буллинг — басқа адамға зиян келтіруге, ыңғайсыздық туғызуға немесе оны қорлауға бағытталған агрессивті мінез-құлық. Іс-шара барысында оқушылар буллингтің әртүрлі жағдайларын талқылап, қорлаушы сөздер, физикалық зорлық-зомбылық немесе топтан шеттету сияқты оның белгілерін анықтауды үйренді. Сондай-ақ, олар буллингке қалай дұрыс әрекет ету керектігін, кімге көмекке жүгіну қажет екенін және сыныптастарын қолдай отырып, ұжымда достық және қауіпсіз атмосфера құруды үйренді.