2024 жылғы 8 қараша күні Астана қаласындағы №1 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушылары арасында «Қазақстандағы буллинг: назар аударуды талап ететін мәселе ме?» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Мақсаты – буллинг ұғымын, оның түрлерін, белгілері мен салдарын терең түсіндіру арқылы қатысушылардың хабардарлығын арттыру және буллингтің алдын алу мен оған тиімді жауап беруге дайындықты қамтамасыз ету.
Буллинг – бұл басқа адамға зиян келтіруге, оны ыңғайсыз жағдайға қалдыруға немесе қорлауға бағытталған агрессивті мінез-құлық. Іс-шара барысында оқушылар буллингтің түрлі жағдайларын талқылап, оның белгілерін – қорлау сөздерін, физикалық зорлық-зомбылықты немесе топтан шеттетуді тануды үйренді. Сондай-ақ, олар буллингке қалай дұрыс жауап беру, көмек сұрайтын адамдарға кімдер жатады және сыныпта тату әрі қауіпсіз атмосфераны құру арқылы сыныптастарын қалай қолдау керектігін білді.