3-4 қазан аралығында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты қазақ тілі пәнінен өзге ұлт оқушылары арасында өткізілген олимпиадада Т.Бигелдинов атындағы №1 мектеп- лицейінің 8 сынып оқушылары Филатова Амелия, Битюкова Виктория қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Білім бәйгесінде алар асуларыңыз көп болсын!
Пән мұғалімі: Абдигалиева Мереке Қуанышбаевна.