Құрметті зейнет жасына келген ұстаздар! Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың өсіп — өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым — парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
1- қазан Қарттар күніне орай, Рысмухамбетова М.Д. бастаған мектеп ұжымы мен мектеп оқушылары, қарттарымызды барып құттықтап қайтты.