Заң, қауіпсіздік және жауапты мінез-құлық

6 қараша күні мектеп оқушыларына Білім басқарамасының, Прокуратура мен полиция бөлімінің мамандарының қатысуымен құқықбұзушылық тақырыбына дәріс өткізілді. Заңды сақтау, қауіпсіздік және жауапты әрекет ету туралы маңызды тақырыптар талқыланды.
Жауапкершілік, ата-аналардың жауапкершілігі туралы баяндалды. Белгілі бір жағдайларда оқушылар елеулі заң бұзушылықтар жасағаны үшін мектептерден шығарылатындығы туралы айтылды. Мысалы, төбелеске қатысу, бұзақылық, заңсыз қару сақтау және басқа да заң бұзушылықтар үшін шығару жағдайлары болады. 111 нөміріне хабарласып, Психологиялық қолдау орталығына немесе мектептерде орналасқан QR-кодтар арқылы көмекке жүгіне алатындығы оқушыларға түсіндірілді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *