Экскурсии «Пробирка жолы» туры пікір
Астана қаласы әкімдігі мен «Gvidon Tour» ЖШС бірлесіп ұйымдастырған «Пробирка жолы» экскурсиясы оқушылар үшін нағыз жаңалық болды. Қазақстанның ең ірі жоғары технологиялық зертханалық кешендерінің біріне бару ерекше әсер қалдырды.
Оқушылар зертхананың жұмыс барысын басынан бастап бақылау мүмкіндігіне ие болды – бокстарды қабылдау мен сұрыптаудан бастап күрделі талдаулар жүргізуге дейін. Әсіресе, арнайы құрылғылардың пробиркаларды түсі мен штрих-кодына қарай сұрыптау үдерісі ерекше назар аудартты. Бұл процестердің жоғары деңгейдегі автоматизации мен дәлдігін айқын көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар пробиркалардың анализаторларға түсіп, мұқият зерттелуін өз көздерімен көрді.
Экскурсияның ең қызықты бөліктерінің бірі – цитология зертханасына бару болды. Мұнда оқушылар бактериялардың микроскоп арқылы қалай көрінетінін тамашалады. Бұл микробиология әлеміне терең үңілуге мүмкіндік беріп, зертхана мамандарының жұмысының маңыздылығын түсінуге көмектесті.
Осындай экскурсиялар оқушылардың таным көкжиегін кеңейту үшін өте пайдалы. Олар тек заманауи технологиялармен таныстырып қана қоймай, жас ұрпақты ғылым, медицина және технология саласында мамандық таңдауға шабыттандырады. Диагностика процестермен танысу медицинаның қоғам өміріндегі маңыздылығын түсінуге көмектеседі.
Ұйымырушыларға ғылымның қалай жұмыс істейтінін көру мүмкіндігін сыйлағандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Осындай шаралар оқушылардың зерттеушілікке деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді!